Синоптиктер алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатынын айтты
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ауқымды солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз ашық болады, – деп хабарлады Қазгидромет.
«Күндіз салқын ауа массалары біртіндеп жылынады. Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары белсенді фронтальды учаскелері бар оңтүстік циклонының ықпалында болып, күн құбылып тұрады, найзағай жарқылдап, қатты жауын жауады», – делінген синоптиктер хабарламасында.
Болжам бойынша, Қазақстанда желдің жылдамдығы секундына 15-25 м дейін күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 1-6 градус аяз болады. Батыста және солтүстік-батыста ауа температурасының күндіз 13-20 градусқа дейін, солтүстікте 7-15 градусқа дейін, республика орталығында 10-20 градусқа дейін, шығыста – 0-10 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі болжанып отыр. Оңтүстік-шығыста 5-18 градус жылы болады.