Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
650
оқылды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Ұлытау облысында түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. 
Талдықорғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
 
Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр, батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының түнде оңтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматыда түнде 1-3 градус үсік күтіледі, ал Алматы облысы Қонаев қаласында түнде 3-5 градус үсік болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
 
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.