Интернеттегi махаббат: tinder табыстыра ма?
Интернеттегi махаббат: tinder табыстыра ма?
1,061
оқылды
Үйлену оңай, үй болу қиын. Ал өз жартыңды жаңылмай кездестіру одан да қиын. Бұрын жастардың жар таңдауына жеңгелері ықпал ететін. Тоғжанның Қарашаштай, Ботагөздің Айбаладай жеңгесі осыған мысал. Ал қазір жеңгелер институтының қызметін танысу сайттары мен платформалар атқаруда. Tinder, Badoo, Mamba сияқты танысу қосымшалары жастар арасында кеңінен танымал. Дегенмен интернеттен өз махаббатын тапқандарға қарағанда алаяқтарға алданып қалғандар да аз емес. Қазір танысу сайттарының да ауди­то­риясы сан алуан. Айталық, интернетте мұ­сылмандарға арналған танысу сайт­тары көп. Тіркелушілер саны да күн са­нап өсуде. Қойылатын талап біреу – тек дін жолында болсаң жеткілікті. Бірақ ұйымдастырушылары тасада оты­ратын сол сайттар халықаралық тер­рорлық топтардың торына апаратын «даң­ғыл» екенін көп адам түсіне бер­мей­ді. Салдарынан қаптаған жарнамаға се­ніп, талай сұлу шекара асып, содырға жар боламын деп опық жеді. Ал кері­сін­ше, заманауи таныстық пен тұрақты қа­р­ым-қатынас іздейтіндер үшін Telegram желісінде «Леонардо Дайвинчик» боты мен Tinder, Badoo, Bumble сияқты сер­вистер де бар. Tinder-де танысу ұят емес Бір ғана Tinder сервисін ай сайын 75 млн-нан астам адам қолданады. 400 мил­лионнан астам рет жүктелген. Әлемнің 190 мемлекетінде 40-тан астам тілде қол­жетімді. Бағдарламаның 65 пайыз қол­данушысының жасы 35-тен төмен. Tin­der-ге тіркелу үшін: телефон нөмірін, элек­тронды поштаны көрсету қажет. Же­ке профильді толтыру кезінде желі қол­данушысы жынысын көрсетеді: әйел, еркек немесе бисексуал. Егер қол­дану­шы өзін ермін деп көрсетсе, оған тек әйелдер ғана танысуға ұсынылады. Әйел­дерге ер адамдар шықса, өзін би­сек­суал деп көрсеткендер әйелдерді де, ерлерді де көре алады. Сервис потенциалды жұптарды қа­шық­тық бойынша іздестіреді. Сондай-ақ, желінің тегін-базалық пакеті және ақылы премиум пакеті бар. Бір айға ар­­­налған пакет – 4690 теңге тұрады. Мұ­ның ішінде сізге кім лайк қойғанын көре ала­сыз және фотолар мен ақпарат­тарыңыздың кімге көрінуі тиіс екенін өзіңіз бақылай аласыз. Базалық пакетте мұндай мүмкіндіктер қарастырылмаған.Tinder-ді көпшілігі жеңіл-желпі, еш мін­деттемесіз қарым-қатынас құруға ар­налған желі деп есептейді. Сервисте көп адам профильдеріне танысу мақсаттарын жа­зып қояды. Соның ішінде өздері ту­ралы ақпаратпен де бөлісетіндер бар. Мә­селен: «Үйленгім келеді», «Бірге көңіл көтеретін дос іздеймін», «Білімді қыз іздеймін», «Әйел болатын қыз ке­рек» деп қалаулары мен тілектерін ашық білдіретіндер жетіп артылады. Психолог Лимана Қойшиеваның айтуынша, жас­тардың интернет арқылы танысуы – қа­лыпты жағдай.
– Қазір онлайн платформаларда та­нысып, сол жақта қарым-қатынас құру тренд­ке айналды. Себебі жастарға Тinder-де сөйлесу ұнайды. Олар виртуал­ды әлемде өздерін еркін сезінеді. Осы­лай­ша, көзін көріп тұрмаған адамға ашы­лып, қысылмай әңгіме айтады. Іш­­­­тегі мазалап жүрген ойларын айтып, өзін мінсіз адам ретінде таныстыруға он­лайн орта барлық жағдайды жасап қой­ған. Осылайша, уақыт өте келе адам­дарда бір-біріне деген онлайн тәуелділік пай­да болады, – дейді психолог Лимана Қойшиева.
Бірнеше жыл бұрын үйленген жұптар әлеу­меттік желіде таныстық деп айтудан ұяла­тын. Себебі қоғам виртуалды әлемде шы­найы махаббат оқиғасының бола­ты­нына сенбейтін. Ал қазір өмірлік серігін Badoo мен Tinder-де жолықтыратындар көп. Танысу сервисінде табысқан жұп­тар­дың бірі – Диас пен Ақнұр. Қазір олар ұл өсіріп, үлгілі отбасыға айналған.
– Бұрынғыдай жеңгетайлық арқылы та­нысып, отбасын құратын уақыт емес. Сон­дықтан таныстарымыз бен туыс­тары­мызға Badoo арқылы таныстық деп ай­тудан ұялмаймыз. Мен Диасқа өзім бірін­ші жаздым. Себебі ол менің сурет­тері­ме үнемі лайк баса беретін. Парақ­ша­сына кіріп қарасам, тәп-тәуір жігіт екен. Хоббиларымыз да ұқсас. Осылай­ша, Badoo-да сөйлесіп, алғашқы кезде­суі­мізде киноға бардық. «Осы жігітке үй­­­леніп кетемін» деп ойламадым. Бірақ Диас әрқашан қиын сәтте қолдап, қа­сым­нан табылды. 6 айдан кейін ұсыныс жа­сап, үйленетін болып шештік, – дейді Ақнұр.
Ал психолог Ержан Мырзабаевтың пі­кірінше, желі арқылы танысуға көбіне ор­та жастағы адамдардың жүгінуі олар­дың мансабын жасаған соң жан-жағына қа­рап, серік іздей бастауымен байланыс­ты. Олар көп жұмыс істейтін болғандық­тан жұмыстан бөлек, сырттан қарым-қа­ты­нас құруға уақыты бола бермейді. Сон­дықтан интернетте танысу оларға жеңі­лірек.
– Шын өмірде жастардың бір-бірі­мен танысуына кедергі көп. Біріншісі, жұ­мысбастылық. Екіншісі, ағалары іні­леріне, әпкелері сіңлілеріне жар таңдауға үй­рететін тәжірибе жоқ. Үшіншісі, жас­тар виртуалды әлемдегі өтірік өмірге қат­ты үйреніп кеткен. Шынайы өмірдегі шын­дықтан қорқады. «Сүйген адамым қолым­ды қайтарса, не істеймін?» деген қорқыныш басым, – дейді психолог.
Алаяқтар да арбайды Дегенмен танысу сервистерінде тек ние­ті таза жандар отырады деп айта ал­май­мыз. Қыздардың сезімін пайдалана­тын джентльмендер мен қалталы жігіт­тер­дің ақшасына құмар алаяқтар да бар. Ай­талық, былтыр Британдық режиссер Фе­лисити Моррис израильдік алаяқ Сай­мон Леваевтың шынайы оқиғасы не­гі­зінде деректі фильм ұсынды. Netflix-те жарық көрген «Tinder-дегі алаяқ» фи­льмі әйелдерді эмоционалды ма­ни­пул­яциялау арқылы ақша табатын ха­лы­қаралық қылмыскердің оқиғасын баян­дайды. Сюжет бойынша израильдік Ши­мон Хают (шын есімі) өзін орыс-Из­раиль Гауһар магнатының ұлы ретінде та­ныстырып, негізінен орталық және Сол­түстік Еуропадан келген әйелдерді ал­дай­ды. Басында қыздардың сеніміне кіріп, жеке ұшақпен, қымбат отельдерді көр­сетіп, өзінің байлығына таңғал­дыра­ды. Осылайша, алаяқтың құрбандары оны мінсіз жігіт санайды. Тіпті, Саймон же­лідегі парақшасын да адам қызыға­тын­дай жүргізетін болған. Оның киген киі­мі мен іс-сапарларының көптігіне қыз­дар сеніп қалады. Алаяқ қарапайым әйел­дердің сеніміне кіргеннен кейін, өзі­нің қиын жағдайға тап болғанын ай­тып ақша сұрап алады. Осылайша, қыз­дар жақсы көрген жігітіне сеніп, бірнеше банк­тен қарыз алып береді. Бірақ алаяқ бір қыздың ақшасына келесі қызды қы­дыртып, байдың баласының рөлін сом­дай береді. Бұл фильм шыққаннан кейін Ши­мон Хают 15 ай түрмеде отырып шы­ға­ды. Бірақ өзінің алаяқ екенін әлі де мойындамай еркіндікте жүр. Ал оған қа­рыз берген жүздеген қыз банк алдын­да­ғы берешектерін өтеуде.
– Интернетте алаяқтар көбейгені бел­гілі және олардың мақсаты – оңай ол­жалы болу. Осы орайда барынша бала­ларды интернет арқылы танысудан сақ­тау керек. Көп елде интернетте танысуға тыйым салынған. Бізде осылай ата-ана­лар балаларына назар аударуы тиіс. Әри­не, ересектер өз қалауларынша әрекет ете­ді. Дегенмен алаяқтар түрлі әдіс-тә­сіл­дерді қолданады, адамның қажеттілік­тері­не байланысты әрекет етеді, – дейді пси­хоаналитик Шырын Айдарова.
Оның айтуынша, Tinder Парето заңы бойынша алгоритмдер негізінде жұмыс істейді. Яғни, 20% күш-жігер, 80% нәти­же береді, ал қалған 80% күш, тек 20% нә­тиже береді. Заңдылық аясында желі­де де ерлерге әйелдерді, әйелдерге ерлер­ді алгоритм бойынша ұсынып отырады. Сондықтан желі қолданушысы интернет арқылы танысуда қауіпсіздікті ең бірінші орынға қоюы керек.
– Танысу сервистеріне тіркелгенде еш­қандай деректерді таратпай, телефон, инс­таграм желісін еш уақытта тіркемеген абзал. Жеке басым ешқашан ақпа­рат­та­рымды сервистермен байланыстырмай­мын. Тіпті, аты-жөнімді де өзгертіп тір­­­­келемін. Шынайы өмірде танысуға мүм­кіндік көп болғанымен, көп уақы­ты­мызды интернетте өткізетіндіктен, ор­та буын өкілдеріне осы орта танысуға өте ыңғайлы, – дейді Tinder қолданушы­сы Дана.
Ендеше танысу сервистеріне сұраныс ар­та бермесе, кемімейді. Өйткені уақы­ты­­ның көп бөлігін смартфонға телміріп өт­кі­зетін, жұмысбасты адамдар үшін ин­тернет таптырмас құрал. Алайда аң­дып баспаса, алаяқтардың қақпанына тү­сетіндерін естен шығармау керек.