Жетісу облысында жылу қазандығы жарылып, жұмысшы қаза тапты
Жетісу облысында жылу қазандығы жарылып, жұмысшы қаза тапты
732
оқылды
Жетісу облысы Көксу ауданында жылу қазандығы жарылып, бір адам қаза тапты.
"2023 жылы 1 сәуірде сағат 08:52-де Көксу ауданының Қазақстан ауылында жалпы ауданы 22 шаршы метрді құрайтын қазандық жарылып, жазатайым оқиға орын алды. Бір жұмысшы қаза тапты. Қазіргі уақытта қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталуда" делінген Көксу ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Сондай-ақ марқұм жұмысшының 53 жаста екені, артында бес баласы қалғаны туралы да айтылады.