Сауалдар жауапсыз қалмайды
Сауалдар жауапсыз қалмайды
431
оқылды
Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Egemen Qazaqstan республикалық газеті АҚ Басқарма төрағасы, Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі азаматтарды қабылдады. Қабылдауға 8 адам жазылды. Тұрғындардың көпшілігі тұр­ғын үй мәселесі бойынша кө­мек­ке жүгінді. Олардың сұрақ­та­рына Нұр-Сұлтан қаласы әкім­­­дігінің «Тұрғын үй қоры» КММ қыз­мет­кері Меруерт Миир­хан жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүр­гізді. Қабылдаудың алғашқы қо­нағы «Асар» республикалық қо­ғам­дық бірлестігінің төрағасы Қай­рат Бодаухан Көктал-1 ық­шамауданынан «Нұрбесік» тұр­ғын үй кешенін салғанын, үй­дің құжаттары толығымен заң­дас­тырылғанын айта келе, жер телімін заңдастырып беру туралы өтінішін жеткізді. Зейнеткер Фатима Жиенбаева, ІІ-топ мүге­де­гі, жалғызбасты ана Еңлік Қа­ра­баева, алты баланың әкесі Нұр­сұлтан Есбаев та баспана жайын сөз етіп, тұрғын үй мәселесі бойын­ша туындаған сауалдарына жауап алды. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне «Сәт» трио­сының бұрынғы әншісі Азат Әбіл­даев келді. Ол Нұр-Сұлтан қа­ласында жеке шығармашылық ән кешін өткізетінін айтып, пар­тия­лықтардан көмек сұрады. Өз кезе­гінде Дархан Қыдырәлі бұл бас­тамаға қолдау білдіретінін, кеш­ті ұйымдастыруға жәрдемдесу бойын­ша партияның атынан министрлікке хат жолдайтынын жет­кізді. Nur Otan партиясы Саяси кеңе­сі бюросының мүшесі кез­де­су барысында зейнеткер Май­ра Қасенова «Тұрғын үй қаты­нас­тары» туралы заңға өзгеріс ен­гізу жөнінде ұсыныстарын ор­та­ға салды. Ал студент Мақсат Са­­қымбайдың Mundial футбол тур­нирін өткізуге демеуші іздеп жүргені әңгіме барысында белгілі болды. Nur Otan партиясы Саяси кеңе­сі бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі сөз соңында қабылдауда айтылған ұсыныстар мен жасалған өтініштердің барлығы тиісті ме­ке­мелерге жолданатынын, бе­ріл­ген тапсырмалар жауапсыз қал­майтынын айтты.   Абылайхан ЖҰМАШ