Мексикада әуе шарындағы екі адам тірідей өртеніп кетті
Мексикада әуе шарындағы екі адам тірідей өртеніп кетті
615
оқылды
Мексикада екі адам әуе шарында өртеніп кетті. Оқиғаның видеосы желіде тарады. Сонымен қатар қайғылы оқиға салдарынан бір қыз бала зардап шекті. Fuerza Informativa Azteca агенттігінің мәліметінше, Мехико қаласында тұратын 39 жастағы әйел мен 50 жастағы ер адам қайтыс болды. Зардап шеккен қыздың беті мен аяқ-қолдарын бірінші және екінші дәрежелі күйік шалып, оң жақ иық сүйегі сынған. Оны Ахапуско атындағы ауруханаға жеткізген. Ал El Universal газетінің хабарлауынша, шардағы екі адамның денесін туыстары алып кеткен, сондықтан оның қайда екені, денсаулық жағдайы белгісіз екенін хабарлады.