Ораза айында жолда құрма мен су таратқан маңғыстаулық полицейлер елді сүйсінтті
Ораза айында жолда құрма мен су таратқан маңғыстаулық полицейлер елді сүйсінтті
973
оқылды
Полицейлер өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, ауызашарға деп су, құрма беріп жатқаны туралы видео Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланды.
"Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция ротасы қызметкерлері ауызашар уақытында көшедегі жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне құрма мен су таратып, игі іс атқарды. Жолда кептеліс пайда болуы мүмкін, өзге де бір белгілі себептермен ораза ұстаушы жан діттеген орынға ауыз ашу үшін дер кезінде жетпей қалуы мүмкін. Осылайша дәл ауызашар уақытында су мен құрма тарату арқылы полиция қызметкерлері ораза ұстаған жандардың қажеттілігін қамтығысы келді" делінген Маңғыстау облысы Полиция департаменті таратқан ақпаратта.