3 сәуірге арналған ауа райы болжамы
3 сәуірге арналған ауа райы болжамы
776
оқылды
«Қазгидромет» 3 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Ресми ақпаратқа сәйкес, ел аумағының көп бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнайды. Республика бойынша оңтүстік – шығыста қатты жел, оңтүстікте – шаңды дауыл тұрады, батыста тұман болады деп күтілуде. Жетісу, Жамбыл облыстарында жел тұрып, екпіні 30 м/с-ке жетеді. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде Алматы, Жамбыл облыстарында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады.