БҚО-да экспедитордың 2 млн теңгеге жуық ақшасын тартып алған бұзақылар ұсталды
БҚО-да экспедитордың 2 млн теңгеге жуық ақшасын тартып алған бұзақылар ұсталды
Фото: polisia.kz
518
оқылды
Батыс Қазақстан облысында екі жас жігіт экспедитордың 1,8 млн теңгесін тартып алған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 1 сәуір күні Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында болған. Екі жас жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, экспедитордан 1,8 млн теңге ақшасы салынған пакетті тартып алған.
«1990 жылғы жәбірленуші шабуыл жасағандардың бетперде киіп келіп, бетінен бірнеше рет соққы жасағанын айтты. Ақшаны тартып алғаннан кейін қарақшылар оқиға орнынан «ВАЗ-2115» автокөлігімен бой тасалаған. 1996 және 1997 жылғы күдіктілер қолға түсіп, тергеу изоляторына қамауға алынды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігіне (ірі мөлшерде тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.
Айыпты деп танылған адамның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.