Алматы-Самарқанд бағытындағы тікелей рейстер қайта ашылды
Алматы-Самарқанд бағытындағы тікелей рейстер қайта ашылды
376
оқылды
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде 18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келді. Рейстерді «FlyArystan» компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) А-320 типті әуе кемелерімен жүргізеді. Бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал етеді.