«Қала аумағын жанған қамыс иісі басуына орай, бүгін, яғни, 3 сәуір күні мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан білім алады. Қосымша ақпараттар хабарланатын болады» делінген Атырау облысы білім беру басқармасы таратқан ақпаратта.Белгілі болғандай, өрт Атырау қаласынан 30 шақырым жердегі Дамбы селосы маңындағы Каспий жағалауында болып жатыр. «Желдің екпіні қатты болуына байланысты және жердің батпақты болуына байланысты автокөліктерге жол жоқ болғандықтан, қамыс өртін сөндіру жұмыстары қиындық тудыруда. Бүгін сағат 8:30 да ТЖД күштері мен құралдары өрттің басына жетті. Қазіргі уақытта қамыс өртін сөндіруге ТЖД 40 қызметкер 7 бірлік техникасы, 3 мотопомпа; «АқЖайық» резерватынан 30 адам 9 бірлік техникасы 2 қайық 4 мотопомпа жұмылдырылды. Өрттің елді мекенге таралу қаупі жоқ», – деп хабарлады Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Түтінге тұншыққан Атырауда оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылып жатыр

417
оқылды
оқылды