Оралда 3 жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан әйел ұсталды
Оралда 3 жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан әйел ұсталды
1,490
оқылды
Орал қаласында 3 жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан Қарақалпақстан тұрғыны ұсталды.
«Орал қаласында балаларын сатқан Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Жас әйел 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2018 жылғы маусымда орын алған. Әйел жаңа туған баласын Атырау облысындағы отбасылық жұпқа заңсыз жолмен асырап алуға берген. Ал екінші факт 2022 жылғы желтоқсанда болған. Бұл жолы ол өзінің үш жасар қызын 1 млн теңгеге Оралдағы жұпқа сатқан. Бұл фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша іс қозғалды», – деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.