Алтай Көлгінов Үкімет басшысының орынбасары лауазымында қалды
Алтай Көлгінов Үкімет басшысының орынбасары лауазымында қалды
Фото: yandex.kz
844
оқылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлады Ақорда. Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына Алтай Көлгіновтің кандидатурасы келісілді. Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерге жауапты: - білім және ғылым; - денсаулық сақтау; - әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік саясат, жұмыспен қамту; - мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы; - мемлекеттік жастар және отбасы саясаты; - конфессияаралық және этносаралық татулықты қамтамасыз ету; - мәдениет пен спортты дамыту; - мемлекеттік тілді дамыту; - демографиялық және көші-қон саясаты; - ақпарат; - туризмді дамыту; - әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың (республикалық, өңірлік және салалық) жұмысы. Алтай Сейдірұлы Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады. 2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті. 2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды. 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі. 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.