СҚО-да ер адам оқушы қыздың атынан 26 жастағы жігітті кездесуге шақырған
СҚО-да ер адам оқушы қыздың атынан 26 жастағы жігітті кездесуге шақырған
2,734
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында оқушы ер бала қыздың атынан аккаунт ашып, 26 жастағы жігітті кездесуге шақырған. Кездесу соңы жанжалмен аяқталды, деп хабарлайды Рolisia.kz.
«31 наурыз күні облыс орталығындағы мектептердің бірінің оқушысы кәмелетке толмаған қыздың атынан жалған аккаунт құрған. Осы аккаунттан хат алмасу барысында 26 жастағы қала тұрғынымен кездесу белгіленген. Оған жасөспірім достарын еріте барған. Ер адам мен кәмелетке толмағандар арасында жанжал басталып, соңында полиция қызметкерлері шақырылған. Бұл факт Петропавл қаласы Полиция басқармасының Ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Кәмелетке толмағандармен заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - делінген полиция хабарламасында.