Атыраулық әйел 15 жылдан бері сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген
Атыраулық әйел 15 жылдан бері сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген
1,617
оқылды
Атырау қаласының тұрғыны 15 жылдан бері сатқан көлігінің салығы мен айыппұлын төлеп келген. 1966 жылы туған Атырау қаласынының тұрғыны өз меншігіндегі "ГАЗель" автокөлігін 2008 жылы сатып жіберген. Осы уақыттан бері ол автокөліктің барлық салықтарын, айыппұлдарын төлеп келген. Соңғы 5 жылда "ГАЗель" автокөлігін іздеп, 2022 жылы Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Руслан Мажитовтың қабылдауында болған. Автокөліктің Алматы облысы Қаскелең қаласында жүргені анықталып, қазіргі иесі табылды. Қала тұрғыны автокөлікті тіркеуден шығарды. Қазіргі иесі осы жылдың 20 наурызы күні автокөліктің 800 мың теңге көлеміндегі салықтары мен айыппұлдарын өтеуге келіскен. Атыраулық тұрғын полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.