Қостанайда алаяқ желіде қыз болып танысып, ақша сұрап келген
Қостанайда алаяқ желіде қыз болып танысып, ақша сұрап келген
1,012
оқылды
Қостанай полицейлері әлеуметтік желілерде өзін қыз ретінде таныстырып, ақша сұрап келген алаяқты ұстады,  – деп хабарлайды Polisia.kz. 3 сәуірде Қостанай қаласында облыстық Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысының 27 жастағы тумасын ұстады. Мәлім болғандай, ер адам әлеуметтік желілерде қыз ретінде тіркеліп, танысынан ара-тұра емге ақша сұрап отырған.
«Күдікті қыздың атынан жалған парақша ашып, әлеуметтік желілер арқылы алдау және сенімді асыра пайдалану арқылы емделу сылтауымен шамамен 3 млн теңгені иемденген. Жәбірленуші жалған қызға шамамен 5 ай көлемінде ақша аударып отырған. Полицейлер заттай дәлелдемелерді – банк карталарын, SIM-карталарды және ұялы телефонды тәркіледі», – деді Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.