Астанада Әли Алпысбаевтың шығармашылық кеші өтеді
Астанада Әли Алпысбаевтың шығармашылық кеші өтеді
Фото: yandex.kz
821
оқылды
Қазақ мәдениеті мен руханиятын ілгерілетуге үлес қо­­сып жүрген белгілі дирижер, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Әли Ал­пыс­­баев Астана төрінде «Елге арнау» атты шығар­ма­шы­лық концертін өткізбек. Концерт 8 сәуір күні сағат 17.00 «Астана» концерт залында өтеді. Әли Алпысбаев – ел ішінде та­ралған көптеген әннің авторы. Сондай-ақ бірқатар музы­калық қойылымдарға әуен жазған. Әли Алпысбаевтың өнерге келуіне әпкелері себепкер болған екен. Ол бұл жайында «Түркістан» газетіне берген  сұхбатында айтқан: «Жастайынан музыка мек­те­бін­де оқыған әпкелерім музыкаға бейім болуыма септігін тигізді. Оған қоса, өзім де бала күнімде үлкен оркестрдің өне­рін тамашалаған кезде дирижер болу­ды армандайтынмын. Орыстар «Дирижер – музыканың патшасы» деп атайды. Сондықтан мен бәрінен биік тұратын дирижер маман иесі атануды мақ­сат еттім. «Қайтсем де дирижер бо­ла­мын!» деп ойладым» дейді. [caption id="attachment_248412" align="alignleft" width="640"] width= ©turkystan.kz[/caption] Сол бір балалық арманы оны жетелеп Шымкент мә­дениет институтына, сосын Алма­ты­дағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясына әкелді.  «Бұл таңдауыма еш өкінбеймін. Құр­ман­ғазы атындағы, Н.Тілендиев атындағы «Оты­рар сазы» оркестрлерімен, Астана қаласының оркестрімен ірі концерттік залдарда өнер көрсеттім. Қазақстаннан ары асып, Қытай, Түркия, Польша, Үн­ді­стан, Корея, Болгария және Ресейдің ірі қалаларында көптеген халықаралық музыкалық форумдар мен фестиваль­дарға қатыстым. Аллаға шүкір, дегеніме жеттім» дейді дирижер. Әли Алпысбаев негізінен көптеген ән, бірқатар ірі күй-поэ­малар және қыл қобыз, дом­быра, қобыз, фортепиано, виолончель, флей­та аспаптарымен сүйемелдеп орын­дайтын шығармалар жазған. Әсіресе, «Ауылдағы той» әнін көапшілік халық әні деп қабылдаса қателеседі. «Ол әннің авторы – менмін. Ол әнді марқұм Әбен Дәурен­бе­ков екеуіміз бірігіп 80-жылдары жаз­ған едік. Бір күні ол «Әли, екеуіміз бір ән жазайық та. Бір бауырым үй­лен­гелі жатыр еді. Сонымен байла­ныс­тыр­сақ қалай?» деп ұсыныс тастаған еді. Ал­дымен қайырмасын шығардық. Қал­ғанын екі-үш күнде жаздық. Бүгінде ол ән қазақ тойларының әнұранына ай­налды. Ешбір той бұл әнсіз өтпейді» деген дирижер ертеңгі өтетін шығармашылық кон­цертін дәл осы әнмен аяқтайтынын сөз етті. Ә.Алпысбаевтың әндері мен шығармаларынан құралған «Ауылдағы той», «Әнімді сізге арнадым», «Аққұсым» атты жинақ кітаптары жарық көрді.    width= Концерте композитор, дирижер Әли Алпысбаевтың Астана қаласында Симфониялық оркестрдің орындауында «Әке- жан әке», «Алаш елі» «Кең дала» (виолончель),  «Вальс»  «Элегия» (флейта), «Венгерский танец»,  «Жастар вальсі»,  «Вокализ» , «Шаттансын елім» күй-поэмасы  және  Халық аспаптар оркестрі орындайтын шығармалар «Бәйге», «Әке арманы», «Сен менің арманымсың»,  «Күй-толғау»,  «Айдындағы аққуым», «Батыр ата» күйі, «Әке» «Жібек жолы», «Жалын», «Төсбұлақ» күй-поэмасы орындалмақ. – Ертең Астана төрінде өтетін «Елге ар­нау» атты шығармашылық кон­­­цертімде өз шығармаларым орын­да­­лады. «Жасым келді. Болдым. Толдым» деп қол қусырып отырған болмас. Оған қо­са, өнер адамы болған соң, шы­ғар­ма­шы­лық концерт бермеске болмас. Әрі өс­келең ұрпаққа үлгі болсын, төл өнері­міздің дәріптелуіне үлес қоссын деген мақсатты көздедім, – дейді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев. Сонымен қатар, кешке Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның  Қазақ оркестрі, Симфониялық оркестрі және Еңбек сіңірген қайраткер Светлана Айтбаева, Арайлым Рахымқызы, Мейір Байнеш, «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жусупова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары  Әсем Сембина, Жамиля Далишева, Әйгерім Аманжолова, Ботагөз Талишева қатысады. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов.