Шымкентте кішкентай қыз хайуанаттар бағының әйнегін сындырған
Шымкентте кішкентай қыз хайуанаттар бағының әйнегін сындырған
851
оқылды
Шымкентте 4 сәуірде сағат 17:40 шамасында хайуанаттар бағында кішкентай қыз маймылдар отырған қоршаудың әйнегін сындырып алған. Otyrar басылымының хабарлауынша, отбасы тақтайшада жазылған ескертулерді елемеген.
"Кішкентай бала приматтар (маймылдарды) орналасқан экспозициялық қоршаудың әйнегін сындырды. Ол саябақ аумағынан тас алып келіп, онымен әйнекті бірнеше рет ұрған. Оқиғаға куә қыздың ата-анасы хайуанаттар бағынан тез кетуге асығықты",- делінген хабарламада.
Хайуанаттар бағы басшылығы егер ересектердің өздері мекемеге келіп, кешірім сұрамаса, онда өздерінің қалалық полиция департаментіне арызданатындарын айтады.