Орал қаласында студенттер арасындағы «ORAL JASTARY» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шараны ұйымдастырушылар – Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты.
Шараға қала әкімі Миржан Мұнайдарұлы қатысып, қатысушы студенттерге сәттілік тіледі. Салтанатты іс-шараға Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлім басшысы Сағындық Ахмадиұлы қолдау көрсетіп, фестивальге бөлім сарбаздары да қатысты. «Жастар мәдениет сарайының» ұжымы шараның көркін қыздырса, барабаншы жастардан құралған Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жиналған жастарға рухани дем берді. Ендігі кезекте, фестивальге қатысушылар 11 аталым бойынша бақтарын сынап, тартысты сайысқа түседі.