«Жастар Рухы» – Петропавлда
«Жастар Рухы» – Петропавлда
510
оқылды
Солтүстік Қазақстан об­лысында «Bir Tolqynda» диа­лог алаңының кезекті бас­қосуы өтті. «Жастар Рухы» жас­­тар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев және блогер Яков Федоров петро­па­вл­дық рухтастармен кез­десті. Кездесуде төраға қатысу­шыларға Жастар қанатының атқарып жатқан жобалары мен алда өтетін шаралар туралы айтып берді. Сондай-ақ Яков Федоров «Менің елім – менің тілім» жо­басы жайында, әлеуметтік желі­мен жұмыс жасау бойынша тетік­терге тоқталды. Айта кететіні, «Bir Tolqynda» диалогтық алаңы аймақтарда тұрақты түрде өтіп тұрады. Онда жастарды толған­дыратын мәселелер көтеріліп, қызықтырған сұрақтарын қойды. Естеріңізге сала кетсек, биыл қаңтар айында басталған «Менің елім – менің тілім» жобасы сәтті жүргізіліп жатыр. «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйытқы болған жоба Қазақстанның көптеген аймақтарында жалғасын табуда. Мақсаты – қазақ тілінің мәр­тебесін арттыру, насихаттау.
«Мағжан Жұмабаев жерінде «Менің елім – менің тілім» жоба­сы айрықша маңызға ие болып отыр. Тренинг өтіп жатқан кітап­хана іші бүгін де лық толы. Мұнда әртүрлі ұлт өкілдері жиналғанмен, олардың мақсат-мүдделері бір. Ана тіліміз – қазақ тілін үйреніп, оның мәртебесін, қолданыс ая­сын арттыру үшін бас қосуда десем қателеспеймін. Тілдің бе­ріктігі нығайса, еліміздің тұтас­тығы мен бірлігі де күшейе түспек. Тіл мәселесі қоғамда өзектілігін жоғалтқан емес. Төл тіліміздің айналасында туындап жатқан сұрақтар, мәселелермен күресуде, оның салдарын жоюда жастар қанаты қолдан келгенше жұмыс істейді. Әр қазақстандықтың мін­деті – туған тілін қастерлеу, құр­мет таныту болса, рухты жас­тар­дың парызы соған себепкер болу екенін атап өткім келеді», – дейді жастар қанатының төра­ғасы Нұржан Жетпісбаев.
Жоба шеңберінде осы күні Петропавл қаласында «Сөйле» үйірмесінің шеңберінде қатысу­шылармен ашық сабақ өтті. Онда түрлі лайфхактар, ерекше фор­матта түсіндіру мен оқыту әдістері көрсетілді.
«12 аймақта жүргізіліп жатқан «Сөйле» тілдесу үйірмелеріне біз түрлі санаттағы азаматтарды жи­надық. Үйірменің оқытушылары да тілді өздігінен үйреніп, меңгер­ген өзге ұлт өкілдері. Олар мүм­кін­­дігінше қарапайым, оңай де­ген тәсілдермен оқытуда. Қа­зақ­ша үйреніп бастағандар ара­сында отандық мәдениетке, дәс­түрге қызығып, әуесқой зерттеп жүр­гендері де бар. Бұл жерден тіл мен мәдениет әрқашан бір-бірі­мен тығыз байланыста екенін анық байқадық. Тілмен қатар мәде­ниетті насихаттауға септік етіп, жақ­сы бастамаларға себепші бол­ғанымызға қуаныштымыз», – дейді жоба инфлюенсері, тіл жанашыры Яков Федоров.
«Сөйле» тілдесу клубтарына кез-келген азамат қатыса алады.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ