«AMANAT» партиясының атынан Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған Асқарбек Керелбаев Маңғыстау ауданының 95 жылдығына орай «95 игі іс» жобасына өз үлесін қосып жатыр.
Ол Шетпе ауылындағы тозығы жеткен екі қабатты үйге өз қаражаты есебінен жөндеу жұмысын бастады. Осылайша, атымтай жомарт ауданның торқалы тойына өз тартуын жасап жатыр. Депутат бүған дейін де өңір дамуына әрдайым өз үлесін қосып келеді. Мәселен, ол осы күнге дейін Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған, Бейнеу аудандарында, Ақтау, Жаңаөзен қалаларында 30-дан астам мектеп, балабақша, тұрғын үй, мәдени ошағын салды.
Сондай-ақ Маңғыстау шаруаларын әуре-сарсаңға салған қуаңшылық кезінде облысқа Ақтөбеден мал азығын әкелуге қаржылай қолдау көрсетті. Арыстағы оқиға кезінде жапа шеккен тұрғындарға 87 үй салып бергені де белгілі.