Жаңа препарат жүрек ауруы мен ұйқы кезіндегі апноэны бірдей емдейді
Жаңа препарат жүрек ауруы мен ұйқы кезіндегі апноэны бірдей емдейді
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Guido Kirchner
1,638
оқылды
Жаңа препарат мидағы жүйке белсенділігін басып, жүрек жеткіліксіздігі мен соның салдары ұйқы кезіндегі апноэны да жеңілдетеді. Жүрек жеткіліксіздігі – әлемдік денсаулық сақтауда басты мәселе болса, оның салдары – ұйқы кезіндегі апноэ да адам өмірін одан да көп қысқартады. Аурудың осы екі түрін бірдей емдейтін нейрондық белсенділікке бағытталған жаңа препарат әзірленді. Бұл туралы NewAtlas.com сайтында жарияланған материалға сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_247920" align="aligncenter" width="880"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: BSIP/Education Images[/caption] Жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын адамдар үшін медицинаның соңғы жетістіктеріне қарамастан, әлі де өлім көрсеткіші әлем бойынша жоғары болып тұр. Жаңа Зеландияның Ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметтері бойынша, әлемде 64 миллионнан астам адам жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегеді. Сондықтан бұл аурумен күрес денсаулық сақтау саласындағы басты жаһандық басымдықтардың біріне айналды. [caption id="attachment_247921" align="aligncenter" width="1800"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Jens Büttner[/caption] Жүрек жеткіліксіздігі жүрек бұлшықеті әлсіреп, дұрыс жиырылмайтын кезде пайда болады. Адамның миы жүйке жүйесін белсендіру арқылы жүрек жеткіліксіздігіне жауап береді, жүректі тиімдірек жұмыс істеуге ынталандырады. Мұндай ұзақмерзімді ынталандыру ұйқы кезіндегі апноэмен қосыла келе өмір сүру ұзақтығының қысқаруына әкеледі.
Статистика бойынша пациенттердің көпшілігі жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылғаннан кейін бес жыл ішінде қайтыс болады.
Мидың жүрекке импульс жіберетін бөлігі тыныс алуды да басқарады. Ұйқыдағы апноэ – ұйықтап жатқан адамның тыныс алуын қысқа уақытқа тоқтататын тыныс алудың бұзылуы. Тыныс алу ретсіз болады, қайта-қайта тоқтайды. Себебі ми тыныс алу бұлшықеттеріне дұрыс сигналдар жібермейді – жүрек жеткіліксіздігі бар адамдарда жиі кездеседі. [caption id="attachment_247922" align="aligncenter" width="1800"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: BSIP/Education Images[/caption] Жаңа Зеландиядағы Окленд университетінің ғалымдары жүрек жеткіліксіздігін де, ұйқыдағы апноэны да тудыратын жүйке белсенділігіне бағытталған жаңа препарат әзірленді. AF-130 деп аталатын препарат егеуқұйрықтарға салынып сынақтан өткізілді. Препарат тыныс алу реакциясын қалыпқа келтіріп, жүрекпен айдалатын қанның мөлшерін айтарлықтай жақсартады, тыныс алудың бұзылуын дұрыстайды.
«Бұл препарат жүрек жеткіліксіздігі мен ұйқы апноэсымен ауыратын адамдарға пайдалы. Екі ауруды бір препаратпен емдеуге болады», – дейді зерттеу тобының мүшесі Джулиан Патон.
Сондай-ақ AF-130 препараты ағзаның қабынуын азайтады, жүрек салмағын төмендетеді және өкпеде сұйықтықтың жиналуын болдырмайды. Бұлар жүрек жеткіліксіздігінің жанама әсерлері. Бұл — жүрек жеткіліксіздігі мен оның салдары ұйқы апноэсына әкелетін ми мен жүрек арасындағы жүйке белсенділігін бақылайтын алғашқы дәрі. [caption id="attachment_247923" align="aligncenter" width="1744"] width= Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Axel Heimken[/caption]
«Соңғы онжылдықтарда жүрек жеткіліксіздігінің болжамын жақсартатын бірнеше дәрілік кластерлер пайда болды», – дейді кардиолог Мартин Стайлс. – «Алайда бұл препараттардың ешқайсысы осы жаңа агент сияқты жақсы жұмыс істемейді. Сондықтан жүрек жеткіліксіздігінің кейбір белгілерін қалпына келтіруге болатын жаңа әдістің нәтижелерін көру өте қызықты».
Жаңа препарат жақын арада АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектің сапасын бақылайтын басқармада (FDA) мақұлданатын болады және енді бірнеше жылда адамдарға да сынақтан өткізілуі мүмкін.