Eurasian Resources Group Павлодар облысына 3 миллиард теңге бөледі
Eurasian Resources Group Павлодар облысына 3 миллиард теңге бөледі
600
оқылды
ERG мен Павлодар облысы әкімдігі жыл сайынғы өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Екіжақты құжатқа сәйкес, ERG компаниясы өңірде түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 3 млрд теңге қаржы бөлмек. Меморандум аясындағы шаралар негізінде Еуразиялық топ Павлодар облысының 130 мың тұрғынын қамтуды көздеп отыр. Кімге және неге? Бұл жобалар Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердің тұрғындары арасында жыл сайын жүргізілетін сауалнама қорытындысы негізінде әлеуметтік бағыттарды саралау арқылы іріктелген. Биыл меморандум аясында білім беру саласын дамыту мен трансформациялау, қала инфрақұрылымын абаттандыру, муниципалдық нысандар мен медициналық мекемелерді қайта жаңғырту көзделген. Бұл мақсаттарға ERG 3 млрд теңге бөліп, қаржыландыруды жалғастырады.
– «Туған қалаларымыздың» әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру қамындағы жүйелі жұмыс – біздің корпоративтік жауапкершілігіміздің негізі. Бізге, ERG-ге бұл бірреттік шара емес. Осы жолда нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жүйелі жұмыс істеудің маңызын жете түсінеміз. Сондықтан  қызметкерлеріміздің, олардың отбасы мүшелері мен жалпы біздің «туған қалаларымызда» тұрып жатқан қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға септесетін барлық бағыттарға жіті назар аударамыз. Биылғы меморандумға енген жобалар жайлы орта қалыптастырып, ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлерде қазақстандықтардың жаңа буыны жеке тұлға ретінде үйлесімді өсіп, өрлеуіне барынша ықпал етеріне кәміл сенімдімін деді», – ERG Директорлар кеңесінің мүшесі, Бақылаушы кеңестің төрағасы Шухрат Ибрагимов.
Eurasian Resources Group Білім беру бастамалары Жаңа меморандумда Павлодар облысындағы жалпы және орта-арнайы білім беру саласын одан ары дамыту көзделген. Осы орайда  ERG Павлодар облысында салынатын 2 жалпы білім беретін мектептің құрылысына қаражат бөледі. Облыстағы 10 колледж қолдау тауып, материалдық техникасын нығайта алады. Одан бөлек, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға септесетін  ERG Mektepke  және арнайы-орта білім беруді дамытуға бағытталған «ERG колледждерге» бағдарламасы жалғасып, іске асады. Осы қос жоба бүгінге дейін облыстағы 3 мың педагог пен 37,5 мың оқушыны қамтып үлгерген. Меморандумның «Торайғыров университетінің» материалдық-техникалық базасын нығайту  тармағына қосымша қаржыландыру көзделген. Қаладағы нысандар Құжатта қала нысандарын қайта жаңғырту мен дамыту мәселелері жеке тармақта жазылған. Меморандум аясында Ақсу қаласының жылу желілеріне технологиялық аудит жүргізіледі. Облыстағы 8 кітапхананы қайта жаңғырту жобасын әзірлеу көзделген. Оның қатарында балалар мен жалпыға ортақ кітапханалар, тіпті көз жанары нашарлаған зағип жандарға арналған кітапхана да бар. Екібастұздағы «Қайнар» оқыту сауық орталығына STEM-зертхана сатып алынады. Бастамалы бюджеттендіру Меморандумда Ақсу қаласында  Tugan Qala  бастамасының 11 жобасын қаржыландыру қарастырылған. Бұл – қала тұрғындары өздері ұсынып, кейін сарапшылардың көмегімен өздері жетілдірген жобалар. 2022 жылы қаланың 2 350 тұрғыны дауыс беріп, осы жобалардың іске асуын қолдаған. Былтырғы жеңімпаз жобалардың арқасында Ақсуда жаңа балалар және спорт алаңдары салынды. Тротуарлар төселіп, авто және велотұрақтар салынған. Қалалық жағажай алғаш рет абаттандырылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолжетімді – инклюзивті болды. Онда қайық бекеті бой көтерді. Аялдама павильоны салынды. Осы орайда  бұл бастаманың арқасында қаланы абаттандыру мен осы салада шешім қабылдауға қатысатын, қаланың инфрақұрылымын дамытуға септесетіндер қатары күрт ұлғайғанын айта кету керек. Осылайша, жоба қаланы көркейтуге атсалысу мәдениетін қалыптастырып, елді мекеннің бюджетін үлестіруге қатысушылар қатарын кеңітті. Медицина Облыстағы неонатологтерді оқытып,  Ақсу қалалық ауруханасын жаңғырту, оның ғимаратын қайта құруға қажетті жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жоспарланды. Одан бөлек, Павлодар қалалық ауруханасына литотрипсия жасауға қажетті жабдықтар сатып алынбақ. ERG құрылғаннан бері Топ кәсіпорындары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үздіксіз сүбелі үлес қосып келеді. Осыған дейінгі меморандум аясындағы қаражаттың қай бағыттарға жұмсалғанын мына және мына сілтемелерден таба аласыз. Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерге Eurasian Resources Group құйған (соның ішінде ERG және облыс әкімдіктерімен арадағы меморандумдар аясында да) әлеуметтік инвестициялардың жалпы көлемі 1,1 млрд доллардан асты.