Жамбыл облысының тұрғыны көлік аламын деп алаяққа алданып қалды
Жамбыл облысының тұрғыны көлік аламын деп алаяққа алданып қалды
703
оқылды
Арзанға көлік алмақ болған Жамбыл облысының тұрғыны алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Рolisia.kz. Жамбыл облысы Меркі ауданының полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяққа алданып қалғаны туралы шағымданған. Айтуынша, өткен жылдың шілде айында өзінің танысы Toyota Hilux автокөлігін арзан бағаға сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 11 743 700 теңге алған. Алайда 9 айдан кейін уәде етілген көлікті де, ақшаны да алмаған.
«Облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.