Алдағы екі-үш күнде қар жауып, күн күрт суытады
Алдағы екі-үш күнде қар жауып, күн күрт суытады
Фото: mytaganrog.com
2,846
оқылды
«Қазгидромет» 8-10 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, солтүстікте, шығыста жауын-шашын жауады. 9 сәуірде оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қар жауады. 10 сәуірде оңтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша жел соғып, тұман түседі. Оңтүстік, батыс өңірлерде шаңды дауыл соғып, күн күркірейді. Солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ қаупі бар. Батыста және оңтүстік-шығыста 3 градус үсік жүреді.