Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалатыны белгілі болды
Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалатыны белгілі болды
Фото: martebe.kz
2,226
оқылды
Қазақстанда мамырда үш бірдей мереке бар. Сондықтан бұл айда қазақстандықтар бірнеше күн демалады, – деп хабарлайды Massaget.kz. Мамырда үш мереке атап өтіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні; 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні; 9 мамыр – Жеңіс күні. 1 мамыр дүйсенбіге тұспа-тұс келеді. Сондықтан үш күн, яғни 29, 30 сәуір және 1 мамыр демалыс болады. Ал 7 мамыр жексенбіге сай келеді. Сондықтан ол дүйсенбіге ауыстырылады. Сәйкесінше, қазақстандықтар 6 мамыр мен 9 мамыр аралығына демалады. Қазақстандықтар мамырда мына күндері демалады: – Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр –демалыс. –  Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр – демалыс.  width=