«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында азаматтарды қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Тұрғындар мәселесін қалалық мәслихаттың депутаты, партияның фракция жетекшісі Қайрат Имашев тыңдады.
Депутаттың қабылдауына келген азаматтар инфрақұрылым мәселесін, нақтырақ айтсақ, көшелерді жарықтандыру, сондай-ақ, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек мәселелерін көтерді. Қалалық мәслихат депутаты тұрғындарға заң аясында кеңес беріп, көтерілген өзекті мәселелер билікке жетіп, оның оң шешілуінің жағдайлары қарастырылатын жеткізді.
Сондай-ақ осы күні, Шымкент қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракция отырысы өтіп, онда 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, ономастика, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған тариф секілді тағы да басқа барлығы тоғыз мәселе қаралды. Жиын соңында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы мүшелеріне партияның «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша нақты жұмыстардың атқарылуы жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру, Саяси кеңес Бюросының бекітілген кестесіне сәйкес қоғамдық қабылдаулар өткізу тапсырылды.