«АМАNАТ» партиясы Әл-Фараби аудандық филиал жанынан құрылған Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Мұхтар Ахтаев пен Оралхан Есембаев Түркістан көшесіндегі өрт сөндіру бекетінің құрылысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Танысу барысында ғимараттың есік-терезелері қойылып, ауа сорғыштарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатқаны анықталды. Бүгін нысанды пайдалануға беру уақыты жақындап қалған. Комиссия мүшелері тарапынан құрылыс жұмыстарын тез әрі сапалы аяқтау қажет екендігі ескертілді. Нысан 1-маусымда қолданысқа берілмек.
Сондай-ақ «Металлург» стадионының құрылысы да партия бақылауында. Абай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы осы нысанның қайта жөндеу жұмыстарын тексеріп, құрылыс сапасымен танысты.
1980 жылы пайдалануға берілген спорт кешенінің тозығы жеткен болатын. Бүгінде стадион қайта құрылып, күрделі жөндеуден өтуде. Реконструкциялау жұмыстарын бағдарлауға аудандағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қозбахов Лесбай Берікбайұлы мен комиссия мүшесі Ербол Пазылбекұлы барды.
Бой көтергелі отырған озық үлгідегі ғимаратта әкімшілік-тұрмыстық корпустан бөлек бокс және күрес залы, жабық спорт корпусы, 62 орындық жатақхана мен 1 500 орынға арналған трибуна қарастырылған. Қазір мердігер мекеме жұмыс қарқынын күшейтіп, стадионды ағымдағы жылдың II-тоқсанында толық аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Комиссия мүшелері Металлург стадионындағы құрылыс жұмыстарының сапасына аса назар аудару қажеттігін атап өтті.