Атыраудың экологиясы алаңдатады
Атыраудың экологиясы алаңдатады
697
оқылды
Атырау облысының қо­лай­сыз экологиялық ахуалы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Десек те, соңғы күндер­дегі қамыс өртіне байла­нысты облыс орталығының қою түтінге көміліп, тұр­ғындардың денсаулығына қауіп тудырғаны алаңдау­шылық туғызып отыр. Осынау маңызды мәселеге орай бүгін «AMANAT» партиясы­ның облыстық филиалы алаңын­а арнайы жиын өтті. Депутаттармен қатар, жауапты құрылым өкілдері қатысқан партия жанындағы эко­логия жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысында тараптар­дың айтары тыңдалып, пікірлер ортаға салынды. Каспий теңізі жағалауындағы Ақжайық резерваты территория­сында қамыс өртену мәселесі кө­терілгенімен, проблеманың нақты шешімі табылған жоқ. «Баяғы жартас, бір жартас» күйін­де қалып келеді. Халықтың талабын естіп, үніне құлақ асатын құрылым қажет екенін атаған жиын қатысушыларының: «Қа­мыс өртінің алдын-алу ша­ралары неліктен қолға алын­байды? Өрт­тің соңғы уақыттарда тіптен жиілеп кетуінің себебі неде? Тіл­сіз жаумен күресетін арнайы тех­ника неге алын­байды? Теңіз жа­ғалауын­дағы бірнеше гектар жерді шарпитын өртті ауыздық­тауға мұнайлы өлке неге қау­қарсыз?» деген сауалдарына нақ­ты жауап берілмеді. Кеңес отырысында төтенше жағдайлар департаментінің ма­териалдық-техникалық базасын нығайту, аймақта өндіріс ошақ­тары көптеп орналасқандықтан олардан шығатын зиянды қал­дық­тардың ауаға таралмауына тосқауыл болу, экологиялық мо­ниторинг жүргізу мәселелері кө­терілді. Жиында депутаттар бұл бағытта жұмыстанатындарын жеткізіп, мәселенің партия наза­рынан тыс қалмайтынын атады.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ