Бірқатар нысанды аралады
Бірқатар нысанды аралады
415
оқылды
Павлодар облысы Терең­көл ауданына жұмыс сапары барысында партияның об­лыстық филиалының төра­ғасы Илья Теренченко бас­таған «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері бірқатар нысан­дарды аралады. Алғашқы объект Береговое ауылындағы Мәдениет үйі болды. Екі жыл бұрын өрт кезінде шатыр мен екі зал толығымен жанып кеткен бұл ғимаратты қазір толық қалпына келтіру мәселесі көте­ріліп отыр. Ауылдағы тағы бір өзекті мәселелердің бірі – бала­бақша құрылысы. Ауылдағы ескі балабақшада бүгінгі таңда 37 бала тәрбиеленуде, бірақ бұл қажетті көлемнің үштен бірін ғана қам­тиды. Береговое ауылы болашағы бар ауылдардың бірі және мүм­кіндігінше ауыл үшін демеушілік көмек көрсететін 10 шаруа қо­жалығы жұмыс істеуде. Ал Воскресенка ауылында партиялықтар жалпы білім бере­тін мектепке барды, онда мектепті күрделі жөндеу мәселесі өткір тұр. Мектеп құрылған күннен бастап тұрған терезе мен есік блоктарын жаңартумен қатар шатырды ауыс­тыру мәселесі бар. Ивановка ауы­лында болса үйлерге ауызсу жет­кізетін су құбыры биыл тар­тыла бастайды. Мердігер дайын­дық жұмыстарын қолға алды. Тереңкөлдегі сапар соңында аудандық депутаттармен кездесу өтті. Илья Сергеевич өз атынан және партия атынан депутаттарды құттықтап, оларға табысты жұмыс тіледі.
– Барлық деңгейдегі депу­таттар әлеуметтік маңызды мәсе­лелерді біліп, шешу жолдарын қарастыру тиіс. Жұмыс сапарла­рының қорытындысы бойынша хаттамалар жасалады, ауылдағы өмірді жақсарту үшін тиісті ұсы­ныстар дайындаймыз. Барлық сұ­рақтар депутаттардың бақы­лауын­да болады, – деді Илья Теренченко.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ