Елімізде Партиялық бақылау комиссиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуде. Одан бөлек, аманаттықтар дәріханаларға да тексеру жүргізуде.
Мәселен, партияның Еңбекші аудандық филиалында азық-түлік тауарларының бағасына сараптама жүргізу жөніндегі топ ауданға қарасты сауда орындарына барып, ондағы тұтынушылармен пікірлесіп, бағаны тұрақтандыру бағытындағы ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Алдағы уақытта қаладағы сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына зерделеу және талдау жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.
Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ Төретам кентіндегі азық-түлік бағасына байланысты және дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары барысында тауарлардың бағасы қаншалықты тұрақты және қолжетімді екені бақыланды. Дәріхана меңгерушілеріне мониторинг жұмыстары апта сайын жүргізілетіндігі туралы ескертілді. Мониторинг жұмыстары барысында сатылымдағы өнімдерді шекті бағадан қымбаттатпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, баға негізсіз көтерілген жағдайда кәсіпкерге шара қабылданатыны ескертілді.