Тұңғышбай Жаманқұлов: сатқындық жасаған шәкіртім Ерлан Біләлді кешіре алмай жүрмін
Тұңғышбай Жаманқұлов: сатқындық жасаған шәкіртім Ерлан Біләлді кешіре алмай жүрмін
1,789
оқылды
Қазақтың тұңғыш ханын сомдаған танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов отандық арналардың біріне берген сұхбатында, өзінің шәкірті Ерлан Біләлге деген ренішін айтты.
“Сізге сатқындық жасағандар көп. Солардың арасынан кімді кешіре алмай жүрсіз?” деген сауалға актер: “Менің үстімнен арыз жазып, қол қойғандар менің алдыма келіп кешірім сұрамаса да, “білмей қалдық” дегендер болды. Мен оған еш ренжімеймін. Сатып кеткен үлкендерді айтпай-ақ қояйын. Өзімнің шәкіртім Ерлан Біләлді кешіре алмай жүрмін. Өйткені атышулы министрдің (Арыстанбек Мұхамедиұлы) айтқанын істеп, жігіттікке жатпайтын іс қылды. Мен ит те болса ұстаздың алдын кесуге болмайды деп есептеймін. Сондықтан оның сатқындығын кешіре алмаймын. Алдыма келіп кешірім сұраған жоқ. “Алдыңа келсе атаңның құнын кеш” дейді ғой. Солай болған жағдайда, қатып қалған қағида жоқ. Бірақ жүрекке сызат түсіру оңай дүние емес, жазылуы да қиын. Жүректің тыртығы мәңгі бақи сыздап тұрады», – деді актер.
Естеріңізге сала кетейік 2017 жылы күзде ҚР Халық әртісі  Тұңғышбай Жаманқұлов киноға бөлінген 79 миллион қаражаттың 69 миллионын талан-таражға салды деп сотталған болатын. Сол кезде оның шәкірті саналатын Ерлан Біләл ұстазына қолдау білдірмей, сол үшін көпшіліктің сынына ұшырағаны көптің есінде.