Оралда өз әйелін бірнеше жерінен пышақтаған күдікті іздестірілуде
Оралда өз әйелін бірнеше жерінен пышақтаған күдікті іздестірілуде
1,261
оқылды
Батыс Қазақстан облысында ер адам бұрынғы әйеліне бірнеше жерден пышақ жарақатын салды деген күдікке ілінді. Әйел тірі, қазір аудандық ауруханада жатыр. Ол мойнынан, кеудесінен және іс қуысынан пышақ жарақатын алған.
"Оқиға 8 сәуірде сағат 01.40 шамасында Бәйтерек ауданының Переметное ауылында болды. 33 жастағы ер адам кафенің маңында 28 жастағы бұрынғы әйелін пышақтап, оқиға орнынан жасырынып қалды", – делінген хабарламада.
Полиция әйелдің бұрынғы күйеуі Нұржан Құсайыновқа іздеу жариялады. Қазір “Кісі өлтіруге оқталу” бабымен тергеу жүріп жатыр.