Үйім жоқ, бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын – Нұрлан имам
Үйім жоқ, бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын – Нұрлан имам
7,210
оқылды
Заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған имам Нұрлан Байжігітұлы үйі жоғын ашық айтты. Имам үй ұсынғандардан бас тартқанын да жасырмады, – деп жазды Caravan.kz медиа порталы. "Көпбалалы әкесіз. Естуімше, 7 балаңыз бар. Көп баланы асырау оңай емес. Бала-шағаны қалай асырап жатырсыз. Бір айлықпен қалай жеткізесіз?", – деген сауалға:
"Ел бар, халық бар. Халық молданы  асыраған. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешіттің ішінде тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі  оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның проектісі болғым келмейді", – деп жауап берді имам Нұрлан Байжігітұлы.