Алматыда алдыңғы орындыққа балаларын отырғызып, көлік айдаған әйел жазаланды
Алматыда алдыңғы орындыққа балаларын отырғызып, көлік айдаған әйел жазаланды
1,173
оқылды
Алматыда баласын алдына алып, көлік тізгіндеген әйел жазаланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жергілікті Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, 41 жастағы әйел Toyota көлігін жүргізген.
"Баласын алдына алып, көлік тізгіндеген әйел жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі "Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау", 593-бабы 2-бөлігі бойынша "Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау", – деп хабарлады қалалық ІІД.
Айыппұлдың жалпы сомасы – 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 500 теңге.
"Жүргізушімен алдағы уақытта мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша заңдық түсіндіру әңгімесі жүргізілді", – деп толықтырды ведомстводағылар.