Қытайда соңғы тәулікте коронавирустан 64 адам қайтыс болды
Қытайда соңғы тәулікте коронавирустан 64 адам қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
495
оқылды
«РИА Новостидің» жазуынша, Қытайдың Хубей провинциясында жаңа коронавирустан қаза тапқандардың саны – 414-ке, жұқтырғандардың саны – 13 522-ге жетті. Жергілікті биліктің мәліметінше, 3 ақпанда 64 адамның қайтыс болғаны және ауру жұқтырудың 2 345 жағдайы тіркелген. Хабарламаға сенсек, жұқтырудың 1 242 дерегі дерттің ошағы Ухань қаласында тіркелген. 4 ақпандағы 00.00 бойынша (Қазақстан. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00, 3 ақпан) 396 Хубей провинциясының тұрғыны коронавирустан емделген. Еске салайық, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Ухань қаласында белгісіз дерттің таралғанын хабарлаған. Мамандар аурудың қоздырғышы 2019-nCoV жаңа коронавирусы екенін анықтаған.