Сақтанудың жолын айтты
Сақтанудың жолын айтты
233
оқылды
Танымал медицина про­фессоры Алмаз Шарман коронавирус инфекциясын жұқтырып алмауға қатысты ақыл-кеңесін айтты.  «Коронавирус инфек­ция­сының таралуы пандемияға тән сипатқа ие болып бара жатқан секілді. Қазірдің өзінде тиісті қорғаныс шараларын қабылдау керек. Ең алдымен айғай-сүрең мен жалған ақпарларға сенбеуге шақырар едім. Шынайы ақпарат­қа сүйеніп, инфекцияның қан­дай жолмен тарайтынын анық­тап алған абзал. Коронавирус жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған жағ­дайда жөтел немесе түшкіру кезінде, яғни ауа арқылы құ­рамында вирусы бар сілекей арқылы жұғады. Бұл тамшылар кісінің жанында тұрған адамға жетіп, қасындағы адам оны жұтып қоюы мүмкін» деп жазды Алмаз Шарман Facebook парақ­шасында. Оның пікірінше, вирусы бар адамнан 2 метр ғана қашықтықта тұрған кісі 10 минуттың ішінде коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін. «Сонымен бірге вирусты тамшылар әртүрлі заттардың бетіне де, мәселен автобустың орындығына, кітап пен кла­виатураға, тінтуірге шашырауы ықтимал. Сол үшін әрдайым қолыңызды таза сумен жуып отырған жөн. Алақанды ысқылай жуып, буынның сыртқы бөлі­гінде, саусақтар мен тырнақ ішін де тазалап отыру керек. Қолды шамамен 20 секундтан артық жуу керек. Жөтелген немесе түш­кірген кезде мұр­ныңыз бен аузыңызды мейлінше салфет­ка­мен жабуға ты­рысыңыз. Қол­данылған сал­фет­каны бірден лақтырып отыру керек. Егер қасыңызда салфетка болмаса, аузыңызды алақаныңыз­бен емес, шынтақпен жабуға ты­рысыңыз», – дейді профессор. Айтпақшы, қарапайым меди­циналық маскалар жеткілікті дәрежеде қорғай алмайды екен. «Алайда маскалар кішкентай аэрозольды бөліктерден сақтай алмайды. Сонымен қатар маска көзді де қорғай алмайды. Көз арқылы да вирус ағзаға еніп кетуі ықтимал. Басқаша айтқанда, маскалар коронавирус ин­фекциясынан жеткілікті дәре­жеде қорғай алмайды», – дейді Алмаз Шарман.   Айдар ДӘУІТҰЛЫ