Қайнар Алагөзов әнші Динара Әлжанның жаңа әніне сөз жазып берді
Қайнар Алагөзов әнші Динара Әлжанның жаңа әніне сөз жазып берді
2,012
оқылды
Әнші Динара Әлжан жаңа әнін шығарды. Сөзін танымал ақын Қайнар Алагөзов жазған. Ол бұл туралы әлемжелідегі парақшасында бөлісті.
"Досым Динара Әлжанның орындауындағы жаңа туындымыз", – деген ақын.
Көпшілік жақында ғана сұхбат беріп, елді шулатқан әншінің туындысын сынның астына алып,  "Дауыс жоқ", "Әнші ретінде емес, тоқал ретінде танылды" деген пікірлер жазуда. Және Қайнар Алагөзов: "Мен ешкімнің өткен өміріне үңілмейді екенмін. Ең бастысы өзіме деген сыйластығы"  деген пікірін жазды.