Баланы шапалақпен ұрды — тәрбиеші жұмыстан шығарылды
Баланы шапалақпен ұрды — тәрбиеші жұмыстан шығарылды
10,592
оқылды
Мекеме басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылды, — деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген видео тарады. Бейнекадрдан тәрбиешінің баланы шапалақтап, көрпемен жауып жатқанын көруге болады.
«Бұл 28 балабақша. Мұндай адамды бүкіл қала білуі тиіс», — деп видеоның астына пікір жазылған.
Ата-аналардың бірі балабақшада көптен бері жөндеу жүргізілмегені туралы жазған.
«Біздің балабақшада ата-аналардың қатысуымен Наурыз мерекесін тойлауға рұқсат берілмеді. Енді міне, балабақшамен қоштасу кеші де болмайтыны туралы сөз қозғалуда. Топта өте суық, балалар қыстың күні көрпемен ұйықтайды. Екі жылытқыш қосылып тұрады», — дейді желі қолданушысы.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі балаларға дөрекілік таныту фактісі бойынша №28 балабақшада қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.
«Тергеу қорытындысы бойынша, ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші теріс себептермен жұмыстан шығарылды», —  деп хабарлады білім беру бөлімінде.
Сондай-ақ тәрбиешілердің қызметін бақылауды әлсіреткені үшін мектепке дейінгі ұйым басшысына қатысты тәртіптік жаза қолданылған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Анонимно Павлодар (@pavlodar_anonimno)