Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 4 жасар бала өлі табылды
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 4 жасар бала өлі табылды
1,139
оқылды
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған бала кәріз құдығынан өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жазды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 сәуір күні сағат 22.00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел (Ильинка) ауылының тұрғыны төрт жасар ұлын іздеуге көмек беруін сұраған хабарлама келіп түскен. Ата-анасының айтуынша, сағат 17.30 шамасында бала аулаға серуендеуге шыққан, содан бері оның қайда жүргені белгісіз болған. Полиция қызметкерлері дереу іздеу шараларын ұйымдастырған, баланың денесі үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан табылған. Қазір  полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша, іс жүргізу шешімі қабылданады.