Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
369
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 10-11 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні – 23-28 м/с, 10 сәуір күндіз, 11 сәуір түнде облыстың оңтүстік-батысында кей уақытта жел қарқыны 30 м/с-тен асады. Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. 10 сәуірде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстік-батысында тұман болады. Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні – 15-20 м/с. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады. 10 сәуір таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде кей уақытта найзағай ойнап, таулы аудандарда бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жел қарқыны – 15-20, күндіз кей уақытта – 23-28 м/с. Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші – 15-20, 10 сәуір күндіз кей уақытта 23 м/с-тен асады. 10 сәуір түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел қарқыны – 15-20, екпіні – 23 м/с. Ауа температурасы күндіз 9-14 градус жылы.