БҚО-да әйелін өлтірмек болған тұрғын ұсталды
БҚО-да әйелін өлтірмек болған тұрғын ұсталды
1,573
оқылды
Батыс Қазақстан облысында әйелін өлтірмек болған тұрғын ұсталды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдікті ізін жасыруға тырысқанымен, кеше түнгі сағат 22:30-да қолға түсті.
«Оқиға орын алған бойда дабыл бойынша Бәйтерек ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрамы күдіктіні іздеуге жұмылдырылды. Соның нәтижесінде ол бір тәулікке жетпейтін уақыт ішінде ұсталды. Қазіргі кезде ол қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіруге оқталу) сәйкес тергеу амалдары жалғасуда. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адамға 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деп хабарлады ведомстводан.