Танымал журналист қайтыс болды
Танымал журналист қайтыс болды
Фото: Оксана Каткова
6,863
оқылды
Оралда журналист өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қаралы хабарды «Мой город» басылымы жариялады. Журналист Дмитрий Терещенконың қазасына жүрек талмасы себеп болуы мүмкін. Дмитрий Терещенко еңбек жолын студенттерге арналған «Өркен» газетінен бастады. «Надежда», «Приуралье», «Уральская неделя»,  «Қазақстан Орал» (қазіргі «Ақжайық»ред.) телеарнасында тілші болды. Ол өмірінің соңына дейін «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Батыс Қазақстандағы тілшісі болып еңбек етті. Дмитрий Терещенконы соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 11 сәуір күні сағат 12.30-да «Талап» салттық қызмет көрсету орталығының залында өтеді. «Айқын» ұжымы әріптесіміз Дмитрий Терещенконың туған-туысының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.