Абай университетінде ROBO TIME – 2023 республикалық сайысы өтті
Абай университетінде ROBO TIME – 2023 республикалық сайысы өтті
792
оқылды
Абай университетінде дәстүрлі Ғылым онкүндігі аясында еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында ROBO TIME – 2023 республикалық сайысы өтті. Ұйымдастырушылар – Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы, Stem-Park зертханасы және Abai Robo робототехника клубы. Іс-шараның мақсаты – білім беруді дамыту, студенттер арасында ғылыми-техникалық шығармашылық пен робототехникаға деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру және танымал ету; робототехникалық бұйымдарды жасау арқылы өзекті мәселелерді шешуге жастарды тарту.    width= Сайысқа жоғары оқу орындарының 8 командасы қатысты: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (ОҚМПУ); М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; Жұбанов университеті (бір командадан); Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (2 команда); Абай университеті (3 команда). Командалар келесі үш санатта бақ сынасты: «Сызық бойымен жарыс», «Кегельринг-квадро» және «Робосумо» санатындағы роботтар жарысы. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Абай университеті, 2-орынды ОҚМПУ мен Жұбанов университеті командалары, 3-орынды Әуезов университеті мен Қыздар университетінің командалары иеленді. ROBO TIME – 2023 республикалық сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.