«Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан 2022 жылға ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар: 126,9 гектар. Оның ішінде: 48,5 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың гектар жер телімін меморандум арқылы қайтару жоспарланған. Оның орындалғаны 120,4 мың гектар жер телімін құрады. Мемлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың гектар жер теліміне мемлекет қажеттілігіне алу туралы қаулы қабылданған. Ал 61,8 мың гектар жер телімі шаруа қожалық иелерімен меморандум жасау арқылы елді мекеннің ортақ жайылымы ретінде келісілді. Осы уақытқа дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы ауданы 22665,0 гектар болатын жайылым жер теліміне сәйкестендіру құжаты, яки мемлекеттік акт алынған. Алдағы уақытта мемлекет қажеттілігіне алу жұмыстары толығымен аяқталған соң, олар әр ауылдық округ әкімдігінің меншігіне берілетін болады», – деді Ғалымжан Қарабайұлы.Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының міндетін атқарушы Б.Досжанов және облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Е.Тілеген «Жер аманаты» комиссиясында Сауран ауданы бойынша бірқатар кемшіліктерге тоқталып өтті. Олардың айтуынша, Сауран ауданы бойынша жайылым жер телімдерін түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында «АШЖБ» базаға мал басы тіркелмеген 358 жер иелеріне тиесілі 29 993 гектар учаске анықталған. Алматы өңірінде де «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті. «Жер аманаты» жобасы аясында ұйымдастырылған жиынға «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев төрағалық етті. Отырысқа облыстық мәслихат хатшысы Талғат Байеділов және облыстық жер қатынастары мен ауыл шаруашылық басқарма басшылары, жер ресурстарын басқару департаменті басшысы, сондай-ақ ШҚ өкілдері қатысты. Төраға өңірде пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып берілген жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша күн тәртібінде мәселелерді таныстырды. Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша Алматы облысының жер қатынастары басқармасы басшысының м.а. Қыдырбаев Қайрат Үмітбекұлы баяндама жасады. Комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қаралған мәселелер бойынша ұсынымдар қабылданып, шешім шығарылды. Аталған шешім хаттама түрінде жауапты мекемелерге жолданатын болады.
Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ