Жол бойында қаза тапқан жасөспірімнің туыстары көлік жүргізушісін ұрып-соқты
Жол бойында қаза тапқан жасөспірімнің туыстары көлік жүргізушісін ұрып-соқты
Фото: zakon.kz
2,849
оқылды
Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Немирович-Данченко көшелерінің қиылысында 2007 жылы туған жасөспірім қаза тапты. Бала жолды кесіп өтпек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Zakon.kz-тің мәліметінше, Hyundai Accent көлігі Рысқұлов даңғылының бойымен шығысқа қарай жүріп бара жатқан. Жүргізушінің айтуынша, жаңбырда жол дұрыс көрінбеген.  width= Бір жігіт жолға жүгіріп шыққан. Жүргізуші жаяу жүргіншіні кеш байқап қалып, көлікті тоқтатып үлгермей, жігітті қағып кеткен. Ол қатты соққыдан бірнеше ондаған метрге ұшып кеткен. 2007 жылы туған жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. Марқұмның туыстары оқиға орнына барып, жүргізушіні ұрып-соғып, темірмен оның көлігін бүлдірген. Оларды полицейлер ажыратқан. Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр.