Алғыс – ел сыйы
Алғыс – ел сыйы
360
оқылды
Алғыс айту күніне орай Qazaqstan концерт залында «Қазақ радиолары» серіктестігі «Мың алғыс» қайы­рым­дылық кешін өткізді. Кеште мейірімділікті, қа­йы­рымдылықты, өмірге деген құштарлықты насихат­тай отырып, ауыр дертке шал­­дыққан жандардың емі­не қаржы жинауға атса­лыс­ты. Мәселен, мидың қа­терлі ісігіне шалдыққан Са­мат Ақ­­бергеновке көмек көр­се­тілді. Ал «Харекет» қайы­рым­­дылық қоры 3 отбасыға бас­пана кілтін табыстады. Олар­дың бірі – Қарағанды қала­сы, екеуі Ақмола облы­сына берілді. Жалпы, «Мың алғыс» радиохабары мен қайы­рымдылық кеші ая­сын­да мұқтаж жандарға 85 630 000 тең­ге көлемінде көмек көр­­сетілді. «Бармысың, бауырым?» бағдарламасы эфирге шық­қалы 800 хат-қоңы­рау түсіп, 130 адам табысқан. Соның арасында Шешенстанның Грозный қаласында тұратын Мариям Рамазанқызы 56 жыл­дан соң туған әпкесі Ната­лья Метельскаямен та­быс­ты. Сол секілді Мұхит Марасулов пен Балтабай Ақ­жанов 1982-1984 жылдары Гер­манияда әскери борышын бірге өтеген екен. Міне, солар 36 жылдан кейін кездесті. Өзде­рінің ағайын-туғанын, жа­қынын тапқан біраз жан­дар да осы кешке келіп, ризашылығын білдірді. Қайырымдылық концер­тіне Майра Мұхамедқызы, Құрмаш Махан, Мирас пен Құралай, Әлішер Каримов, Қара­қат Әбілдина, Өмірқұл Ай­ниязов, Алтынай Жора­баева сияқты эстрада жұл­дыз­­дары, «Ұлттық ұлан» сар­баз­дары, Art Music квар­теті қатысып, өнерін көрсетті.   Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ