Семейде кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болуына байланысты тергеу басталды
Семейде кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болуына байланысты тергеу басталды
604
оқылды
Семейде кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 7 сәуір күні мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып қайтыс болды. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бала жан тапсырған. Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді.