Осы уақыт аралығында қаржы ұйымдары қарыз алушылармен берешекті реттеу жолдарын қарастыруға міндетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бұл шектеу азаматтардың қарыздарын коллекторлық агенттіктерге сатуға қатысты. Яғни несие төлемін кешіктірген адамның берешегін банк бірден коллекторларға өткізе алмайды. Дегенмен бұл коллекторлар қарызды өндіріп алуға мүлдем қатыспайды деген сөз емес. Банктер оларды берешекті сотқа дейін өндіріп алу жұмысына тарта алады. Бірақ мұндай жағдайда қарыздың иесі өзгермейді.
Егер азамат несиесін уақытында төлей алмаса, банкке өтініш беріп, төлем кестесін өзгертуді, қарызды өтеу мерзімін ұзартуды немесе төлемді уақытша кейінге қалдыруды сұрай алады. Қаржы ұйымы оның өтінішін қарап, жауап беруге міндетті. Ал 2027 жылғы 1 мамырдан кейін де банктер кез келген қарызды коллекторларға сата алмайды. Мұндай мүмкіндік төлем мерзімі 24 айдан астам уақытқа кешіктірілген және берешекті реттеу шаралары жүргізілген жағдайда ғана қарастырылған.
Агенттік мәліметінше, бұл талаптар қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға және азаматтардың қаржылық жағдайын қалпына келтіруіне мүмкіндік беруге бағытталған.
