Шымкентте көшеден ер адамның мәйіті табылды (видео)
Шымкентте көшеден ер адамның мәйіті табылды (видео)
Фото: uralskonline.kz
586
оқылды
Оқиға Шымкент қаласында болған. Видеоны жолдан өткен куәгерлер түсіріп алған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Otyrar.kz-тің дерегінше, 10 сәуір күні Рысқұлов пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында ер адамның мәйіті табылды. 57 жастағы ер адамның денесінде пышақ іздері бар. Полиция департаменті сот-медициналық сараптама тағайындады.
«10 сәуір күні шамамен сағат 11.30-да әл-Фараби аудандық полиция бөліміне Рысқұлов пен Шаяхметов көшесінің қиылысында ер адамның мәйіті жатқаны туралы хабар түсті. Жедел тергеу тобы оқиға орнына барып, 1966 жылы туған ер адамның мәйіті екенін анықтады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындап, тергеу жүргізіп жатыр», – деді департамент өкілі.
https://youtu.be/NyuErMkyHbg Бұған дейін Түркістан облысында 11 жастағы қыздың мәйіті каналдан табылғанын хабарлаған болатынбыз.